418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда Ресейдің циркі үйіне қайта алмай жүр

  • 129
  • UPD: 11:34, 04.07.2020
Павлодарда Ресейдің циркі үйіне қайта алмай жүр

Карантин режимі Новосібірлік цирк труппасының шығармашылық жоспарларына өзгерістер енгізді.

Шектеу шаралары салдарынан артистер үйлеріне орала алмай отыр. Қазіргі уақытта Павлодар облысының тұрғындары Успен ауданында тұрып қалған цирк труппасы мен жануарларға көмек көрсетіп жатыр. Новосібірлік цирк қызметкерлері екі апта бойы арнайы көлікті күтіп отыр. Бірақ ұжымның оған төлейтін қаржысы жоқ.

Мамандардың айтуынша, көлікті жалдауға 50 мың рубль керек. Жергілікті тұрғындар қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, жануарлар үшін бірнеше вагон ұсынған. Сонымен қатар оларды құрғақ азық-түлікпен қамтып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарадан өтуге дайындық жұмыстары басталды.  

Сергей Саламатский, Успенка ауылының әкімі:

- Жергілікті шаруа қожалығымен жануарларды орналастыру туралы алдын ала келісіп қойдық. Келесі аптада төрт аяқты әртістер үшін көлік қарастырып, Новосібірге жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Әр жануардың құжаты бар. Шекарадан өтуде қиындық туындамайды. Цирк ұжымына тек қаржылық қолдау керек. Себебі директорлары уәдесін орындамай, труппаны тастап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы