418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы қатайтылған карантин кезінде қоғамдық көлік қатынамайды

  • 153
  • UPD: 11:37, 04.07.2020
Нұр-Сұлтандағы қатайтылған карантин кезінде қоғамдық көлік қатынамайды

Ертеңнен бастап елімізде күшейтілген карантин режимі енгізіледі.

Сұлулық салондары, шаштараз, фитнес орталықтар, жабық базарлар, жағажай, мәдениет орталықтары мен мектепке дейінгі білім беру орталықтары өз қызметін уақытша тоқтатады.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша елордадағы қоғамдық көліктер тоқтатылады. Одан бөлек өзге қалалардағы автобустардың да ары-бері жүруіне тыйым салынады.

Жалпы Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істемейді. Тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады. Ал ғимарат ішіндегі дәмханалардың қызметіне шектеу енгізіледі. Енді тамақты тек тапсырыс беру арқылы ғана ала аласыз.

Тағы бір айта кететін жәйт, 5 шілдеден бастап 65 жастан асқан адамдардың бейсауат жүруіне тыйым салынады. Ал өзге азаматтар бетперде тағуға міндеттеледі. Қоғамдық орындарда топтасып жүруге болмайды.

Хабар 24 телеарнасы