418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда дәрігерлер мен журналистер мемлекеттік наградамен марапатталды

  • 126
  • UPD: 12:20, 04.07.2020
Талдықорғанда дәрігерлер мен журналистер мемлекеттік наградамен марапатталды

Талдықорғанда дәрігерлер мен журналистер қауымы мемлекеттік наградамен марапатталды.

Қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесі үшін Серік Әбікенұлына Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы және төсбелгісі табыс етілді. Және бірнеше білікті маманға мемлекет басшысының «Алғыс хаты» берілді. Ал індет тараған шақта елдің амандығы үшін күрескен ақ  халаттыларға «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалі табысталды. Сонымен қатар бірнеше дәрігер «Құрмет» грамотасыне ие болды. Сый құрметке бөленгендердің қатарында Панфилов аудандық ауруханасының директоры Төлеу Сарпеков та бар.  

Төлеу Сарпеков, «Парасат» орденінің иегері:

- Бұл марапат тек қана осы бір топ азаматтардың ғана емес, Жетісу өңіріндегі уақытпен санаспай жұмыс істеп жатқан барлық денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің марапаты деп ойлаймын. Бүгінгі алған марапат скл  одан әрмен жігерлендіріп, күш береді.

Хабар 24 телеарнасы