418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда қазақстандықтардан кімнің қалуына рұқсат? Комитет жауабы

  • 201
  • UPD: 13:25, 04.07.2020
Түркияда қазақстандықтардан кімнің қалуына рұқсат? Комитет жауабы

Ел азаматтарының Түркияға кіруіне тыйым салынды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы мәлімдеді.

Талғат Ластаевтың айтуынша, әуе компаниялар барлық талаптарды орындауға міндеттеледі. Яғни бүгінде Түркия аумағында жүргендердің бәрі елге жеткізілмек. Ал егер жолаушының жұмысы сол елде болса немесе уақытша тұруға рұқсаты бар болса еш кедергісіз қатынай алады. Жалпы мұндай шектеуге қатысты ақпарат кеше жеткен. Түрік билігінің ақпаратына сүйенетін болсақ, бұл уақытша шара. Шектеу екі аптадан кейін алынып тасталады. 

Талғат Ластаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

 - Мемлекеттік комиссия шешімімен ертеңнен бастап карантиндік режим енгізіледі. Азаматтық авиация саласында бүкіл ішкі рейстер орындалады. Ешқандай шектеу жоқ. Бүгінгі таңда апта сайын 45 бағыт бойынша 457 рейс орындалады. Оларға ешқандай шектеу болмайды, жалғастыра береміз.

Хабар 24 телеарнасы