418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда полицейлерге қызметтік көліктердің кілті табыс етілді

  • 162
  • UPD: 15:08, 04.07.2020
Көкшетауда полицейлерге қызметтік көліктердің кілті табыс етілді

Астана күні қарсаңында Көкшетауда полицейлерге қызметтік көліктердің кілті табыс етілді. 18 «Нива» автокөлігі учаскелік инспекторларға үлестірілсе, 20 УАЗ көлігі кезекші бөлімдерге берілді.

Олар енді аймақтың аудандарына жіберіледі. Жалпы, ақмолалық полицейлердің қызметтік көліктері жыл сайын біртіндеп жаңартылып отырады. Мәселен, былтыр тәртіп сақшылары 22 көлік алса, 2018 жылы полиция бөлімшелерінің автопаркі 58 көлікпен толыққан.

Айта кетейік, қазір аймақта 300-ден астам учаскелік полицей бар. 

Бақтияр Шоқпаров, Степногорск қалалық ПБ бастығының орынбасары:

- Қазіргі пандемия кезіндегі қиын сәтте полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қызметте жүріп, сақтану да оңай емес. Ал осындай жаңа көліктердің берілуі, ауырлықты сәл де болса жеңілдетеді. Жұмыс барысында әдеуір көмек болады.

Хабар 24 телеарнасы