418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы карантин кезінде қоғамдық көлік тоқтамайды

  • 222
  • UPD: 15:34, 04.07.2020
Алматыдағы карантин кезінде қоғамдық көлік тоқтамайды

Алматыда карантин кезінде де қоғамдық көліктер тоқтамайтын болды. Тек сенбі-жексенбі күндері ғана жүрмейді.

Қалалық және қала маңындағы автобустар мен метрополитен жұмысын жалғастыра береді. Бірақ салон жартылай ғана жолаушыларды ала алады. Әр айналым сайын көлік ішіне дезинфекция жасалады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook–тегі парақшасында жазды.

Десек те, бірқатар ұйымдардың және сауда, қызмет көрсету нысандарының жұмысы екі аптаға тоқтатылады. Қалалық бас санитардың қаулысымен шаһарда 5-20 шілде аралығында қатаң шектеу шарасы енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы