418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда дәрі-дәрмекті тегін таратамыз дегендердің басы дауға қалды

  • 184
Атырауда дәрі-дәрмекті тегін таратамыз дегендердің басы дауға қалды

Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясы кезінде қауіпсіздік шараларын елемеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандар дүрлігіп, арақашықтықты сақтамай, тіпті арты айқайға ұласқан. Тәртіп сақшылары тегін дәрі тарату акциясын дереу тоқтатуға мәжбүр болды. Оған бастамашы болған «Көмек Атырау» қоғамдық бірлестігінің волонтерлері жергілікті билікпен келіспей, тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп, сақтық шараларын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар, өңірдегі дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен туындаған мәселелер жуық арада шешімін табады дейді.

Нұрлыбек Қабдықапаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Барлық облыс деңгейлеріне дәрі-дәрмекті жеткізу мәселесі жөнінде жоспар құрып, нақты айтылды. Бізде қазір облыс әкімшілігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы біріккен түрде соны жасақтап жатыр. Қайталап айтамын, 90 процентке жуық дәрі-дәрмектің бәрі орталықтандырылған «СК ФАРМАЦИЯ» арқылы бізге келіп түседі.

Хабар 24 телеарнасы