418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 15 адам қолдан жасалған алкогольден уланып қайтыс болды

  • 169
Қазақстанда 15 адам қолдан жасалған алкогольден уланып қайтыс болды LIGA.net

Қазақстанның екі өңірінде полиция адам өлімі фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қостанай облысының Арқалық қаласында 3-4 шілде күндері «этанолдың уытты әсері» диагнозымен 13 адам жансақтау бөліміне жеткізіліп, кейін олардың 11-і қайтыс болған.

Осы уақытта Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа-Қима кентінде 4 адам көз жұмған.

Өлімнің болжамды себебі - жалпы уыттану салдарынан пайда болған геморрагиялық панкреатит.

Қаза болғандардың 5 литрлік пластикалық бөтелкелерге құйылған алкоголь өнімінен уланғаны анықталды.

Тергеу барасында 4 шілде күні Ақмола облысында құймалы спирттік ішімдіктер шығаратын цех анықталды. Полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтап, ұстады. Олардан сатуға дайындалған өнімнің бір бөлігі тәркіленді. Алайда күдіктілер өнімнің басым бөлігінін сатып үлгерген, бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды пластикалық ыдысқа құйылған, заттаңбалары жоқ, белгісіз алкоголь өнімдерін сатып алмауға және сақ болуға шақырады. 

Қауіпті өнім жасырын немесе базарларда сатылуы мүмкін. Олардың сату орындары туралы білген жағдайда, жақын жердегі аумақтық полиция бөлімшелеріне немесе 102 және 112 телефондары арқылы дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы