417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да құрылыс саласына мыңға жуық маман қажет

  • 158
  • UPD: 21:01, 04.07.2020

Петропавлда бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл жолғы шараға пандемия кезінде тұрақты табысынан айырылған азаматтар қатысып, өздеріне ыңғайлы жұмыс іздеді. Петропавл қаласының тұрғыны Александра Синдирякова – қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүрген жандардың бірі. Азаматша пандемияға байланысты тұрақты табысынан айырылып қалам ба деп алаңдайды. Сондықтан еңбек жәрмеңкесінің өтетінін естіп, арнайы келген.

Александра Синдирякова, қала тұрғыны:

– Бүгін жұмыста соңғы күн болдым. Алда карантин талабы күшейтілмек. Одан кейін не болары әлі белгісіз. Кішкентай балам бар. Несие төлеймін. Сондықтан өзіме жайлы жұмыс іздеп жүрмін.

Ұйымдастырылған шараға жүздеген адам жиналды. Індетке байланысты оларды ғимарат ішіне кезек-кезекпен кіргізді. Облыстағы 30-дан астам мекеме екі қолға бір күрек іздегендерге 1700 жұмыс орнын ұсынды.

Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:

– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1100 бос орын бар. Айлығы – 85 мың теңге. Ал тұрақты жұмыспен 380 адамды қамту көзделген. Олардың жалақысы – 70 мың. Және жастар тәжірибесі бойынша қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға да адамдарды іздестіріп жатырмыз. 

Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласына мыңға жуық маман қажет. Сондықтан жергілікті билік мұндай шараны алдағы уақытта тағы да өткізуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы