417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада шағын дәрігерлік амбулатория ашылды

  • 160
  • UPD: 21:35, 04.07.2020
Елордада шағын дәрігерлік амбулатория ашылды

Бүгін елордада «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында кезекті шағын дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл емдеу мекемесі қалалық емханаға қарайды. Ол көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орналасқан. Ондағы мақсат – тұрғындардың алысқа сабылмай, алғашқы медициналық көмекке жүгінуіне қолайлы жағдай жасау. Қала халқы жыл санап көбейіп келеді әрі тұрғын үй құрылысы да қарқынды. Сәйкесінше, емханалармен арақашықтық алшақтап барады. 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Үйдегі дәрігер» жобасы ең алдымен осы мәселені шешуге көздейді.

Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

– Ендігі мақсатымыз – биылғы жылдың аяғына дейін осындай 10 орталық ашу. Және бұл жоспарлы 9 поликлиникаға тіркеліп отыратын арнайы орталық. Осы орталықта тиісті осы жердегі шағын ауданда орналасқан халыққа былай айтқандағы бастапқы медициналық көмекті көрсетуге мүмкіндікті тез арада беру.

Хабар 24 телеарнасы