418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті

  • 154
  • UPD: 22:03, 04.07.2020

Шымкенттегі ауруханалар мен жедел жәрдем көліктері өкпені жасанды желдету аппаратымен толық қамтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қажетті 123 аппараттың 50-і жедел жәрдем көліктеріне берілсе, қалғаны ауруханалар мен емханаларға және үй жағдайында емделіп жатқан жағдайы ауыр азаматтарға үлестіріліп берілген. Қазір науқастардың үйлеріне дәрі-дәрмек те жеткізіліп жатыр.

Махаббат Дауырбаева жедел жәрдем байланыс орталығында диспетчер болып жұмыс істейді. Күнделікті түскен барлық қоңырауға жауап беріп, науқастарға кеңес береді. Тәжірибелі маман әрбір соғылған қоңыраудың артында адам тағдыры тұрғанын жақсы түсінеді. Сондықтан өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды.

Махаббат Дауырбаева, диспетчер:

– Шақыртудың басым бөлігі пневмония, ОРВИ, ауа жетпей жатыр, дем алу қиындады, температура 37-39 деп түседі. Екі консультант дәрігеріміз бар. Қайда апару керегін айтып отырады. Кеңес керек болса телефонмен кеңес береді.

Қазіргі таңда мегаполисте 9 жедел жәрдем подстанциясы мен 6 филиалы бар. Онда 100 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Олардың барлығы заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Шаһардағы ауруханалар мен емханалар және жедел жәрдем көліктері 123 өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтылды. Оның 50-і транспорттық бағытта жұмыс істейді. Үй жағдайында емделіп жатқан науқастар да оттегіні жеткізу құралдары мен дәрі-дәрмектер дер кезінде жеткізіліп беріледі. Сондай-ақ қаладағы барлық емханада қосымша күндізгі стационарлар ашылып жұмыс істеуде.  

Дильмурат Абдраимов, фельдшер:

– Науқастың өзі дем ала алмай қалған кезде ИВЛ аппарат бар. Бұл науқастың орнына демалады. Оттегі орталық ауа толтырылған балонға қосылған. Оттегі беріліп, науқастың орына дем алады. Науқастың жағдай қандай ауыр болмасын кез келген жағдайда көмектесе аламыз.

Күн сайын жедел жәрдем станциясының байланыс орталығында тұрғындарға 15 диспетчер қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем шақырту үшін «103» немесе 53-91-14 нөріне хабарласуға болады. Алайда ақ халаттылар алдымен шын мұқтаж жандар көмек көрсетілетінін айтады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы