418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин: аймақтарда қандай шаралар қолға алынды

  • 144
  • UPD: 10:05, 05.07.2020

Бүгіннен бастап Алматы – Сарыағаш бағытымен жүретін пойыз қатынасы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар  Алматы – Нұр-Сұлтан, Алматы – Павлодар, Нұр-Сұлтан – Өскемен және Нұр-Сұлтан – Достық бағыттары бойынша жүру жиілігі қысқарады.

Шымкентте 1 шілдеден бастап фитнес орталықтар, бассейндер мен түрлі үйірмелер мен балабақшалардың жұмысына тыйым салынды. Қала тұрғындары карантин мерзімі аяқталғанша әсемдік салондары, шаштараз бен моншаға бара алмайды. Балмұздақ сататын дүңгіршектер, фастфуд сауда нүктелері, көлік жуатын орындар, мейрамханалар мен дәмханалар да жұмысын уақытша тоқтатты. Тек жазғы алаңқайы бар мейрамханалар мен дәмханаларға санитария талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі. Шаһардың барлық тұрғынына бетперделік режимді сақтау талап етіледі. Сенбі-жексенбі күндері қалада базарлар мен сауда орындары мен қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылды. Айта кетейік, Шымкентте карантин 20 шілдеге дейін ұзартылды.

Ал көрші Түркістан облысында бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап аймақта шектеу шаралары күшейтілді. Мәселен, көпшілік іс-шаралар, мерекелік, спорттық, бұқаралық, ойын-сауықтық және форумдар мен семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желіде хабарлады.

Сәкен Қалқаманов, облыс әкімінің орынбасары:

– Кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, спорт, фитнес, жаттығу залдарының, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық кешендерінің жанындағы балалардың ойын алаңдарының, қосымша білім беру бойынша мектептен тыс ұйымдар, компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулинг орталықтарының, фудкорттардың, банкет залдарының, спорт кешендерінің қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ туризм нысандары мен бассейндер, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылды. СПА орталықтары, монша және сауналардың жұмысына тыйым салынды. Сонымен қатар, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылды. Сұлулық салондары мен шаштараз қызметіне тыйым салынды. Діни нысандардың жұмысына тоқтатылып, саябақтар мен алаңдар да, субұрқақтар мен жағалаулар да және скверлер де халықтың жүруі шектеледі. Қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Сондай-ақ, жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20 адамға дейін отбасы мүшелерінің жиналуға рұқсат етіледі. Шектеу шаралары 19 шілдеге дейін жалғасады.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында да балабақшалар жабылды. Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап балалар лагерьлері, сауда орталықтары мен көңіл көтеру орындары жұмыс істеймейді. Шаштараз, сұлулық салондары да дәл солай. Тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық болады. Қоғамдық көліктердің жүру кестесіне шектеу қойылды. Тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беріледі. Сонымен қатар қонақ шақырып, той тойлауға тыйым салынған.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы