418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жаңа мектеп ашылады

  • 188
  • UPD: 09:43, 05.07.2020
Түркістан облысында жаңа мектеп ашылады

Түркістан облысының Сайрам ауданында алдағы жаңа оқу жылы 1200 орындық жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім ордасы 50 мың тұрғыны бар Қарабұлақ ауылында бой көтерді.  Жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен салынған нысанның құрылысы биыл қаңтар айында басталған. Қазір заманауи үлгідегі 3 қабатты ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жобалық құны екі жарым млрд теңге болатын жаңа мектепте балалар қазақ, орыс және өзбек тілінде білім алады. 200-ге жуық мұғалім жұмыс істейді. Мұнда физика, химия, биология, информатика кабинеттерінен бөлек, интерактивті тақта, мультимедиялық кабинеттер ашылады. Екі асхана, екі спорт кешені, бассейн, гимастика залдары жұмыс істейді. Бұған дейін жекеменшік 8 балабақша мен 3 мектеп ашып, әбден тәжірибе жинаған кәсіпкер балаларға барлық мүмкіндік жасалған мұндай мектеп қаланың өзінде жоқ екенін айтады. Жалпы, қазір Түркістан облысында 48 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 18-і жыл соңына дейін тапсырылады. 

Низамхан Сүлейменов, кәсіпкер:

– Бұл жерде пайданы емес, сауапты ойлап, балаларымыз болашақта білімді болса, мемлекетіміздің болашағы – осы балалар. Солар мықты болса, еліміз одан сайын қуатты болады деген оймен осы тірлікті жасап жатырмыз. Оқу тегін болады. Жақсы оқитын оқушыларға шәкіртақы береміз. Үйірмелеріміз бар, дайындық тобы бар. Оқушылардың жақсы оқуы үшін барлық жағдай жасалған.

Хабар 24 телеарнасы