431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жетім балалар баспаналы болады

  • 317
  • UPD: 09:43, 05.07.2020
Түркістан облысында жетім балалар баспаналы болады

Түркістан облысының Сайрам ауданында ескі ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, жетім балаларға үлестірілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақсукент ауылында орналасқан 2 қабатты нысанда бұрын әкімдіктің бөлім қызметкерлері отырған. Төбесінен су ағып, тозығы жеткен соң олар басқа мекемеге көшірілген.  Ал ескі ғимаратқа  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның шатырынан бастап, есік-терезесіне дейін ауыстырылды.  Электр сымдары жаңартылып, дабыл қаққыш және ауа алмастыру жүйлері орнатылуда. Нысанның іші-сырты түгел қырылып, қайтадан сыланады. Мұндағы бөлмелердің көбі бір бөлмелі, арасында отбасылы адамдарға арналған екі бөлмелісі де бар. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары тамыз айының ортасында толық аяқталады. Одан кейін комиссияның шешімімен жетімдер үйінің түлектеріне беріледі деп жоспарланып отыр. Жоба құны 68 млн теңге.

Ақжол Жақыпбек, Сайрам ауданық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

– Бізде қазір 180 жетім бала кезекте тұр. Оның ішінде 17 бала осы үймен қамтамасыз етіледі. Бізде ауданда тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде 1700 адам кезекте тұр. Тұрғын үй қатынастары туралы заңына сәйкес, бірінші кезекте жетім балалар үймен қамтылады. Сондықтан біз осы үйлерді жетім балаларға ұсынамыз.

Абибулла Мамытов, мердігер мекеме өкілі:

– Мына жерден қақпа қоямыз. Қалған жағы қоршалады. Аулаға орындықтар қойылып, кішкентай балаларға сырғанақ, гимнастикалық кешен, турниктер мен ойын алаңдары жасақталады.  

Хабар 24 телеарнасы