418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында қысқы бақ ғимараты жөнделеді

  • 162
  • UPD: 09:43, 05.07.2020
Қарағанды облысында қысқы бақ ғимараты жөнделеді

Теміртау қаласындағы қысқы баққа 27 жыл ішінде бірінші рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қазынадан 230 миллион теңге қаржы бөлінген. Ғимараттың іші-сырты толық жаңартылып, төбесіндегі жылу мен жарық беретін шынылар ауыстырылды. Сонымен қатар заманауи суару жүйесі орнатылған. Өңірдегі жалғыз бақта қазір 120-ға жуық тропикалық өсімдік өседі. Мұнда пальманың түр-түрін кездестіруге болады. Оның көпшілігін жергілікті тұрғындар тарту еткен. Арасында танымал тұлғалар да бар. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Дариға Назарбаева және ресейлік ғарышкер Юрий Батурин мұнда өз қолымен өсімдіктер екен. Қазір олардың барлығы да жайқалып өсіп тұр.

Ботакөз Тәшенова, қысқы бақ агрономы:

– Ең бастысы, өсімдіктердің топырағын  ауыстырдық. Беткі қабатынан 8 сантиметр алып, жаңа құнарлы топырақ төседік. Соның арқасында жасыл желек жайқалып, жақсы өсе бастады. Жөндеу жұмыстарын бастағанда өсімдіктер солып қала ма деп қорқып едік, бірақ еш әсер етпеді.

Хабар 24 телеарнасы