418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

  • 297
  • UPD: 13:22, 05.07.2020
Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

Бүгіннен бастап Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде карантиндік шаралар күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығы Талдықорған мен аудан, қалалардағы жабық типтегі сауда орындарының барлығы жабылды. Қазір тек азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істеп тұр. Мәдениет ошақтары мен әлеуметтік нысандардың да жұмысы тоқтатылды. Қоғамдық тамақтану орындарының 30 орынға дейінгі ашық алаңдары ғана жұмыс істеп тұр. «Қаулы талаптарын арнайы құрылған мобильдік топтар жіті қадағалайтын болады. Ал оны бұзғандар жауапқа тартылады», – дейді облыстық әкімдік өкілдері.  

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Қазіргі заңнамаға сәйкес, айыппұлдың көлемі де айтарлықтай өсті. Сондықтан облыс тұрғындарын белгіленген тәртіптік шараларды кең көлемде сақтауға шақырамын. Карантиндік шаралар екі аптаға жалғасады. Бірақ осы екі аптаның ішінде жағдай тұрақтанбаса, одан да ары жалғасын табуы мүмкін.

 

 

Хабар 24 телеарнасы