426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада полиция жұмысы күшейтілген режимге көшті

  • 302
  • UPD: 20:34, 05.07.2020
Елордада полиция жұмысы күшейтілген режимге көшті

Елордалық полицейлер бүгіннен бастап, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың қатаң шараларын енгізуге байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Олар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін қадағалайды. Тәртіпке бағынбағандарға шара қолданылады. 

Серік Әбутәліпов, Нұр-Сұлтан қаласы алматы аудандық ПБ бастығының бірінші орынбасары:

- Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар қоғамдық орындар мен көшелерде кешенді полиция күштері күшейтілді. Сонымен қатар аулалар мен саябақтар, парктер, скверлерде профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Ескерту жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы