418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


15 шілдеге дейін Қазақстанға коронавируске қарсы дәрілер жеткізіледі

  • 205
  • UPD: 21:12, 05.07.2020
15 шілдеге дейін Қазақстанға коронавируске қарсы дәрілер жеткізіледі

2020 жылдың 15 шілдесіне кейін 840 мың лопинавир, ритонавир таблеткалары, 61 мың гидроксид хлориді, 11 мың флакон Ремдесивир дәрісі елімізге жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Хабар 24» арнасында мәлімдеді.

«Бүгінде аймақтар арасында 4 мың науқас үшін 160 мың таблетка лопинавир, ритонавир таратылуда. 2020 жылдың 15 шілдесіне кейін қосымша мына дәрілер жеткізіледі: 840 мың лопинавир, ритонавир таблеткалары, 61 мың гидроксид хлориді, 11 мың флакон Ремдесивир. 15 тамызға дейін аталған дәрілердің көлемі қосымша 440 мыңға дейін жеткізіледі», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Бұл ретте Үкімет басшысының орынбасары барлық пациенттерге вирусқа қарсы терапия тағайындау қажет еместігін ерекше атап өтті.

«Ол вирустың орташа ауыр және ауыр түрімен ауырғандарға ғана тағайындалады. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметті медициналық сақтандыру аясында тегін дәрі-дәрмек препараттарының тізбесі бар. Оған ЖРВИ және ауруханадан тыс өкпе қабынуы кіреді. Бұл препараттардың тізіміне антибиотиктер, қызуды төмендететін дәрілер кіреді. Оларды емханада құрылған мобильді топтар тегін жеткізуі тиіс», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы