418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға дәрі-дәрмектің 87 проценті шетелден әкелінеді

  • 217
  • UPD: 21:58, 05.07.2020

Елімізде соңғы жылдары отандық дәрі-дәрмек өндірісі 7 процентке артты. Десе де, бүгінде дәріханалардағы қазақстандық өнімнің үлесі 13 проценттен аспай тұр.

Яғни дәрі-дәрмектің 87 проценті импорт. Президенттің тапсырмасынан кейін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. Дәріханаларда дәрі тапшылығының туындағанын айтқан ол, бұған тұрғындардың дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуы түрткі болды дейді.

Вице-премьердің айтуынша, 1 айлық дәрі қоры санаулы сағатта сатылып кеткен кездер де болған. Бірақ алдағы уақытта дәріханалар тиісті препараттармен толық көлемде қамтылады. Мұны Ералы Тоғжанов сеніммен айтты.

Хабар 24 телеарнасы