418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ажал ауызында жатқандарды осылай құтқарыңдар: Цой шымкенттік дәрігердің үндеуіне жауап берді

  • 370
  • UPD: 07:33, 10.07.2020
<span class=favorites>Ажал ауызында жатқандарды осылай құтқарыңдар: Цой шымкенттік дәрігердің үндеуіне жауап берді</span> tengrinews.kz

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар 24» арнасындағы брифингте шымкенттік реабилитологтың видеосына тоқталып өтті.

«Видео белсенді түрде тарап жатыр. Жекеменшік клиниканың докторы, терапевт, реабилитолог, ол емдеу нәтижесіне болжам жасап, асқынуға түсініктеме беріп, азаматтарды ауруханада қолданылып жатқан емдеуден қалыс қалуға шақырып отыр. Қазақстанның әр өңірінен дәрігерлер бұл видеоға қатысты өз пікірін білдіріп жатыр», - деді Цой.

«Реабилитологтың айтқанына тоқталсақ, қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттама халықаралық деңгейде мойындалғанын түсінуіміз керек. Бұл танылған, дәлелденген әдістемелер. Отандық ғылым қайраткерлері, клиницистер осы тәсілдерді әзірлеп жатыр. Инфекционистер немесе біздің пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлер осы препараттарды қалай қолдануға болатынын, қандай дозада, асқынудың қай кезде болуы мүмкін екенін, қай кезде қауіптің болатынын, қандай кезде қолданғанда дәрінің жақпай қалуы мүмкін екенін біледі. Яғни осы препараттарды әркімнің қабылдауына байланысты. Бұл препараттар көптеген пациентті емдеп, оларды аурудан жазды және дәрігердің клиникалық хаттамаларда көрсетілген нақты тағайындауын пайдалану өте маңызды", - деп түсіндірді ол.

Алексей Цойдың сөзіне сенсек, Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шымкенттік дәрігермен байланысуға тырысыпты, бірақ әзірге барлық әрекет сәтсіз болып шықты. Ведомство оның барлық ұсынысын талқылау үшін кездесуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа YouTube арнасында видеоүндеу жолдаған болатын. Емдік дене шынықтырудың тиімді әдістерін қолдану арқылы ауруханада ауыр халде жатқандарға көмектесіп, бетінің бері қарауына көмектескен бұл дәргіер, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды өтініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы