418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәріханадағы бағаны арнайы топ тексеріп отырады

  • 145
  • UPD: 02:06, 06.07.2020
Дәріханадағы бағаны арнайы топ тексеріп отырады

Дәріханадағы бағаларды арнайы құрылған топ тексеретін болады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Хабар 24» арнасында айтты.

«Халықты толғандыратын негізгі мәселелер аз емес. Дегенмен, негізгі мәселе дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазақстанда сегіз мыңнан астам дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын 30 процент деңгейінде қамтамасыз етіп отырмыз. Қалғаны сырттан импорт есебінен әкелінеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нарықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан бірқатар шара қабылданады.

Атап айтқанда, бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге бір жолғы рұқсат беруге өтініш қаралуда. Дәрі-дәрмекті сертификаттау және сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Тоғжановтың айтуынша, әкімдіктермен бірлесіп, көтерме сауда қоймаларындағы дәрі-дәрмек қоры, бағасы тексеріліп, препарат бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін дәріханаларды аралап тексеретін арнайы мониторинг топтары жұмыс істейді.

«Осының бәрін ескеруіміз керек. Қызуды төмендететін, антибактериал, вирусқа қарсы препараттарды тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен ғана ішу керек. Өз бетіңізше емделу қауіпті екенін өздеріңіз де естіп, біліп отырған шығарсыздар», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы