418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы «Арна» индустриалдық аймақтың жұмысы жанданады

  • 125
  • UPD: 12:40, 06.07.2020
Алматы облысындағы «Арна» индустриалдық аймақтың жұмысы жанданады

Алматы облысындағы «Арна» индустриалдық аймағында алдағы жылы он шақты кәсіпорын жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы сонда келуге қызығушылық білдіріп отырған инвесторлармен және жекелеген кәсіпкерлермен жиын өткізген Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаев мәлімдеді. «Арна» индустриалды аймағы 2006 жылы құрылды. Оның жалпы көлемі – 1300 гектар. Соның 810 гектары өндірістік аумақ болып есептеледі. Өңір экономикасын өркендетуге арналған бұл индустриалдық аймақтан фармацефтикалық өнімдер мен жартылай фабрикаттар шығаратын бірқатар кәсіпорын ашу жоспарланып отыр. Жиынға инвесторлармен қатар Қапшағайдағы коммуналдық кәсіпорындардың басшылары шақыртылып, инженерлік желілерді тарту жұмыстары жан-жақты пысықталды.

Владимир Ким, инвестор:

– Бүгінгі жиын біз үшін өте маңызды. Өйткені үлкен істердің үлкен жоспарды қажет ететінін жақсы білесіздер. Біз «Арна» индустриалдық аймағының ашылып, қарқынды жұмыс істей бастауын 14 жылдан бері күтіп келеміз. Мұнда тәулігіне 1 миллион дана медициналық бетперде мен өзге де фармацефтикалық өнімдерді шығарумен айналысатын үлкен зауыт салғымыз келеді.

Нұрлан Құматаев, Қапшағай қаласының әкімі:

– «Арна» индустриалды аумағында 180 жер учаскесі бөлінген. Оның 90-ы заңды тұлғалар болса, қалғаны жеке тұлғалар. Бүгінгі таңда біз соның ішіндегі бірінші қатарда тұрған 9 компанияны шақырып, олардың бәрімен сұхбаттастық.  Біз егер осы жылы жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізетін болсақ, келесі жылы сол мемлекеттік сараптамадан өткен жобаларға қаражат бөліне ме деп күтудеміз.

Хабар 24 телеарнасы