421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ: Коронавирустан емдеу жүйесі кеңейтілді

  • 482
  • UPD: 12:36, 06.07.2020

Фавипиравир. Коронавирусқа қарсы күреске енді дәл осы дәрі де қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оның Жапония және Еуропа елдерінде белсенді пайдаланылып жатқанын айтады. Сондықтан коронавирусты емдеу жүйесін кеңейтіп, осы препаратпен толықтыруды жөн көріпті.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Дәл осы препаратты елде шығарып, ішкі сұранысты қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, бізде коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақтан өткізетін уақыт жақындады. Бұл жұмыстарды шетелдік әріптестерімізбен бірлесіп жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы