420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығысқазақстандық құтқарушылар жаңа техникаға қол жеткізді

  • 227
Шығысқазақстандық құтқарушылар жаңа техникаға қол жеткізді

Шығысқазақстандық құтқарушылар Елорда күні мерекесіне орай жаңа техникаға қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көлік төтенше жағдайлар қызметкерлерін шұғыл түрде жаға-жайға жеткізіп, құтқару қызметін жеделдетуге арналған. Толықтай сүңгуірлерге қажетті дүниемен жабдықталған. Тіпті түнде жол жүру үшін қосымша жарық беретін жабдықтарымен жасақталған техникада бейне жазбаға жазу аппараттары да бар. Көлікпен қоса, жеті орындық моторлы қайық та берілді.

Евгений Егоров, облыстық ТЖД жедел құтқару отряды басшысының м.а:

– Бізге берілген бұл көліктің қажеттілігі зор. Қазір оны толық жабдықтап, қолда бар техника қатарына қосатын боламыз. Осылайша алдағы уақытта ол адамдарды құтқару шараларында қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы