Грузия елорда ауруханаларына 10 жасанды тыныс алдыру аппаратын жіберді
- 256
- UPD: 11:16, 06.07.2020

Бүгін Тбилисиден Алматыға гуманитарлық жүк келді.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметіне қызметі.
«Бүгін Тбилисиден Алматыға «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді.
Қазақстан СІМ достас Грузия халқына коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді», - делінген хабарламада.