429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай Көлгінов: Елорданы газдандырудың бірінші кезеңі арқылы экологиямыз тазарады

  • 371
  • UPD: 11:34, 06.07.2020
Алтай Көлгінов: Елорданы газдандырудың бірінші кезеңі арқылы экологиямыз тазарады

Елордада алғашқы әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлер табиғи газға қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде Көктал-1 тұрғын үй алабындағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, нөмірі 29-мектеп пен бірқатар жер үй бар. Осылайша магистральді желілер өзге де ғимараттарды газбен қамтамасыз етуге толық дайын. Жөндеу және монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін қалған нысандар қамтылады. Былтыр елордаға ұзындығы 1 мың шақырым болатын магистралді газ құбыры тартылған еді. Биыл 8 мың жеке үйге көгілдір отын желісі жеткізіледі. Сондай-ақ жергілікті әкімдік қала тұрғындары үшін тегін есептеуіштер орнатуды қарастыруда. Тұрғындарға газ тарату желілеріне қосылу үшін пеш дайындалады. Өндірістік сектор мен тұрғын үй алаптарын газдандыру 2023 жылға дейін 3 кезеңде жүргізіледі. Айта кеткен жөн, газдандыру – Тұңғыш Президентіміздің тарихи жобасы. «Бес әлеуметтік бастаманың» бірі. Елорданы газдандыру арқылы қаладағы зиянды қалдықтар 6 есе азаяды.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

– Әдетте қыс мезгілінде тұрғындар көмір қолданып, пеш жаққанда қаламызды тұмша басады. Экологиямызға зиян болып келді. Газға қосылған алғашқы әлеуметтік нысандардың қатарында қалалық Қарттар үйі бар. Жылыту маусымына дейін азаматтардың үйлеріне газ құбыры жеткізіледі. Қаламызды газдандырудың бірінші кезеңі арқылы экологиямыз тазара бастайды. Зиянды қалдықтар көлемі 40 мың тоннаға дейін азаяды. Осы айтулы күнмен баршаңызды құттықтаймын.

БЛИЦ:

– Өте қуаныштымыз, өйткені біздің Көктал-2 кентінде газ құбырларын қазып, үйге енгізіп қойды.

– Экологиямыз тазарып, бұрынғыдай көмірге тәуелді болмаймыз. Өміріміз жеңілдей түседі, әкімдікке алғыс білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы