426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрілік заттарды заңсыз сатқан 21 адам ұсталды

  • 231
  • UPD: 17:28, 06.07.2020
Дәрілік заттарды заңсыз сатқан 21 адам ұсталды

Елімізде дәрі-дәрмекті қымбат сатып жатқандарды анықтау үшін полиция рейд өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Үкімет пен құқық қорғау органдарына осындай тапсырма берген еді. Мәселен, елордада бірнеше медициналық маска, комбинезон мен термометр, антисептикалық құралдар тәркіленді. Әйел адам интернетте хабарландыру жариялап, «Парацетамол», «Ингавирин», «Цеф-три-аксон», «Ази-тро-мицин» сынды аса қажет дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан. Ал Шымкентте «Левомак» медициналық препаратын 12 мың теңгеге саудалаған жергілікті азамат полицияға жеткізілді. Ол дәріні өз бағасынан алты есе жоғары сатқан. Дәріханада провизор болып жұмыс істейтін тағы бір шымкенттік «Декса-мета-зон-Ад-жио» препаратының ампулаларын 5 мың теңгеден саудалаған. Ал оның негізгі бағасы – 600 теңге. Түркістан облысында ер адам 250 теңгенің «Аскорбин қышқылын» 5 мыңға саудалағаны анықталды. Мұндай дерек барлық аймақта тіркелді. Рейдтің бірінші күнінде полицияға 21 адам жеткізілген. Олардан 3 жарым мыңнан аса дәрілік зат тәркіленді. Рейд жалғасады.

 

Хабар 24 телеарнасы