429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев: Алматыдағы жағдай күрделі, бірақ бақылауда

  • 267
  • UPD: 16:58, 06.07.2020
Б.Сағынтаев: Алматыдағы жағдай күрделі, бірақ бақылауда

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

«Эпидемиологиялық жағдайға келер болсақ, жағдай бақылауда, бірақ күрделі. Жалпы, өңірде 6 202 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Күнделікті өсім 1,1%, оның ішінде сырқаттанғандардың негізгі бөлігі жұмысқа қабілетті тұрғындар (82%). Індеттен 2 485 адам жазылып шықса, 26 адам көз жұмған. 6 шілдеде анықталған науқастар саны – 113, реанимацияда 64 науқас жатыр. Аса ауыр науқастар саны – 24, осындай науқастар саны арта түсуде. 1264 науқастың жағдайы орташа ауыр және 135 науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», - Алматы әкімі.

Хабар 24 телеарнасы