428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тағдырларды табыстырған елорда

  • 266
  • UPD: 20:50, 06.07.2020

Елордада табысып отау құрғандар мен табысқа кенелгендер қатары көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бақытты отбасы құрып, білікті маман атануына бас шаһардың тікелей әсер еткенін, өздері де жасырмайды. Ел астанасында қолайлы жағдай мен сиқырлы атмосфераның барын мойындайды..

Ержан Мырзабаев – белгілі психолог. Көбіне отбасы психологиясы бойынша жұмыс істейді. Құнды кеңестерін айтып, талай жұпты сақтап қалды. Бірақ білікті маман бұл салаға бірден келе қойған жоқ. Мансап жолын білім беру саласынан Павлодарда бастады. Онда 5 жыл тұрып, 27 жасында Қостанайда мектеп директоры лауазымына дейін көтерілді. Кейін психология саласына қызығушылығы артып, Алматыға көшеді. Чехияда және Американың Техас штатында тағылымдамадан өтіп, білімін шыңдайды. Осылайша, білім беру саласындағы таудай талабын жан қалауы  «отбасы психологы» мамандығына ауыстырады. Бұл шешімінің ақталуына және толық орнығуына елорда тікелей әсер еткен.

Ержан Мырзабаев, отбасылық психолог:

– Мен алғаш рет елордаға 2016 жылы келдім. Сол кезде Алматы қаласында отбасылық психолог болып істеп жүргенбіз. Елордадағы телеарналардың бірі бағдарламаға шақырды. Ертең бағдарлама болады, жетіп келе аласыз ба деді. Мен еш ойланбастан, ұшаққа билет алып, елордаға алғашқы рет аяқ бастым. Одан кейін тығыз қарым-қатынас басталды. Жұмысымыз тығыздалды. Жиі-жиі түрлі бағдарламаларға шақыра бастады. Танымалдылық пайда болды. Сол кезде мен Астананың, енді ол кезде Астана қазір Нұр-Сұлтан, мені қаншалықты жылы және шырайлы қарсы алғанына күттім.

Сол сапардан кейін Ержанның жұмысында береке пайда болды. Табысының көлемі біршама артты. Кенже баласы дүниеге келді. «Осы үшін елордаға ризамын», – дейді кейіпкеріміз.

Ержан Мырзабаев, отбасылық психолог:

– Ерекше бір қуанышты жағдай, 2018-де Алматыдан көшкеннен бірнеше айдан кейін дүниеге кенже баламыз келді. Оның атын Мирас деп қойдық. Ол нағыз елордалық жігіт. Біріміз Шымкентте, біріміз Қостанайда туылдық, жан-жақтан келгенімізге қарамастан нағыз сол елордалық Мирасымыз кенжеміз.

Ержан сияқты өзін елордадан тапқандар қатары көп. Мұны блиц-сауалнамаға қатысушылардың жауабынан білдік. Бірі бас шаһарға келіп сүйікті жұмысына орналасса, жеке бизнесін бастаса, енді бірі осында оқуға түсіп өмірлік жарымен табысқан.

Мирлан Алтынбек, тілші:

– Еңселі елорданы алғаш көргендердің көбі мұнда қайта келгісі келеді. Өйткені көпшілік бұл шаһардың асқақ арманға апарар биік белестерге жетелейтінін іштей сезеді, кәміл сенеді. Ал Сарыарқа төрі өз кезегінде әр мейманды құшақ жая қарсы алуға әрдайым әзір тұрады.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Аят Дүйсебаев, Ермек Кемшінбек

Хабар 24 телеарнасы