426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда күніне орай Атырауда оқушылар мен жастар сарайы қолданысқа берілді

  • 212
  • UPD: 19:37, 06.07.2020
Елорда күніне орай Атырауда оқушылар мен жастар сарайы қолданысқа берілді

Аумағы 19 мың шаршы метрге жуық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғимарат демеушілердің көмегімен салынды. Құрылысы 2018 жылы басталып, белгіленген мерзімде аяқталды. Мұнда жастардың шығармашылықпен айналысып, спортпен шұғылдануына барлық жағдай қарастырылған. Зәулім ғимаратта ғылым мен техника, өнер, мәдениет салалары бойынша 60-тан аса үйірме жұмыс істейді. Оған 200 мұғалім тарту жоспарда бар. Оқушылар мен жастар сарайы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өз жұмысын, 1 қыркүйекте бастайды.

Фаруза Шангереева, қалалық білім бөлімінің басшысы:

– Өнер, көркем эстетикалық медиа, ғылыми зерттеу бағыттары бойынша, «ай-ти стем» лабораториялары бойынша сонымен қатар, пәндік үйірмелер, спорттық шаралар, жалпы күніне 1500-ге дейін оқушыны екі ауысымда қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы