418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да медицина қызметкерлері марапатталды

  • 161
  • UPD: 20:24, 06.07.2020
БҚО-да медицина қызметкерлері марапатталды

Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуал аса күрделі күйінде қалып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн сайын орта есеппен 50 шақты адам дәрігер көмегіне жүгінеді. Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне  1200-дей адам хабарласады. Аймақтағы инфекциялық және провизорлық стационарлардың 72 проценті толық. 92 адам ауыр жағдайда. 30 адам өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Емдеу нысандарында дәрі-дәрмек жеткілікті, медицина қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен қамтылған. Індетпен күресте, 700 медицина маманы алғы шепте жүр. Мереке қарсаңында осынау жанкешті жандардың бірқатары, «Парасат» және «Құрмет» орденімен және «Шапағат» медалі сынды мемлекеттік наградаларға ие болды.

Марат Балшанбаев, облыстық көпбейінді клиникалық ауруханасының дәрігері:

– Бұл марапат жалғыз өзіме берілген марапат емес. Бұл марапат әріптестердің арқасында алған марапат. Провизорлық стационарда жұмыс істедім, 2 аптаның ішінде 3 операция болды. Босанатын әйелдерге наркоз беріп жақсы босандырып алдық.

Әлия Маужанова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мейірбикесі:

– Науқастардың жазылып, үйлеріне кеткен кездері біздер үшін қуанышты кез болады. Оның ішінде отбасының атынан алғысын айтып жатады. Қазіргі жағдай оңай деп айтпаймын. Бірақ та бәріміз бірігіп, ел болып осы індетті тездетіп жеңсек деген тілек, мақсат бар.

Хабар 24 телеарнасы