425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Сервистік әкімдік» ашылды

  • 226
  • UPD: 20:57, 06.07.2020
Жамбыл облысында «Сервистік әкімдік» ашылды

Жамбыл облысы Сарысу ауданында «Сервистік әкімдік» ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа кеңседе халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін бөлімдердің мамандары отырады. Шалғай ауылдың тұрғындары аудан орталығына келгенде әр жерде орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмайды. Барлық жұмысты бір ғимараттан бітіріп шығады. Бұл жоба мемлекеттік қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауатын арттыруға да мүмкіндік береді.

Әлия Смағанбетова, Сарысу ауданының тұрғыны:

– Орталықтың тиімділігі халықты жинамайды. Халыққа қызмет көрсету орталығына ешкімді жүгіртпей, барлық керек ақпараттарымызды осы жерден ала аламыз. Сонымен қатар жемқорлықтың алдын алуға да жақсы тиімділігін көрсетіп отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы