424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентке дәрі-дәрмектің мол көлемі жеткізілді

  • 455
  • UPD: 21:49, 06.07.2020
Шымкентке дәрі-дәрмектің мол көлемі жеткізілді

Преппараттар қазір қоймадан тікелей дәріханаларға жөнелтіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда вирусқа қарсы, ыстық түсіретін және көптеген антибиотик тапшы болған еді. Әлі де дәріхана маңында иін тірескен кезек. Қала әкімінің айтуынша, дәрі-дәрмектің көбі алып-сатарлардың қолына түскен. Арнайы рейд барысында жаппай сатып алуды ұйымдастырған адамдар анықталды. Олар дәрі-дәрмек тапшылығын тудырып, кейін дәрілерді нақты құнынан бірнеше есе артық бағамен қайта сатқан. Мәселен, «Декса-метазон» преппараты 5000 теңгеден сатылған. Ал оның бағасы 600 теңге. Қала тұрғындары дәріханалардан дәрі таппаған жағдайда 109 сенім телефонына қоңырау шалуына болады.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

– Қазір бізде 123 мың адамға емделетін дәрілер бар. 1  айлық қор. Ауырып жатқан адамдар 20 мың адамға жетпейді. Біз енді 5 есе көп дәріні әкеліп жатырмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы