429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында тұрғындар қажет дәрі-дәрмекпен қамтылған ба

  • 219
  • UPD: 23:10, 06.07.2020

Дәрі-дәрмек қоры мен баға тұрақтылығы – Қызылорда өңірінде де бүгінде ең өзекті мәселенің бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы бірнеше дәріхананы аралап, ахуалды бағамдады. Ауруханалардың да жағдайымен танысты.

Дәріханалар алдында ұзын-сонар кезек. Көбісі қызу түсіретін, иммунитет көтеріп, вирусқа қарсы тұратын дәрі-дәрмекті іздеп жүр. Аймақ басшысы ахуалды бағамдау үшін бірнеше дәріхананы аралап шықты. Тұрғындардың да мәселесіне құлақ түрді.

Аймақ басшысы қала тұрғының мәселесін назарға алып, ем қабылдап жатқан аурухананың басшылығына қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Алдағы күндері өңірге сұранысқа ие дәрі-дәрмектер тағы жеткізіле бастайды. Баға тұрақтылығы да назарға алынған. Қысылтаяң сәтте бейберекет қымқатшылыққа жол берілмеуі тиіс.

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі:

– Қазіргі кезде 1-2 күн болды, аздап болса да 30 пайызға дәрі-дәрмек түіп жатыр. Оның ішінде антибиотиктер түсіп жатыр, вирусқа қарсы дәрілер түсіп жатыр. Бірақ сұраныс өте көп, әсіресе ауыр жағдайда берілетін дәрілерге сұраныс жоғары. Оның бәрі ауруханалар арқылы немесе емханалар арқылы шешілетін дәрілер.

Аймақ басшысы соңғы күндері науқастарға лық толған қалалық аурухана мен инфекциялық ауруханаға да барды. Бас дәрігерлермен кездесіп, мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешу жолдарын тапсырды. Қосымша инфекциялық төсек орындар ашу мүмкіндіктерін қарастырды.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев

Хабар 24 телеарнасы