418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қысылтаяңдағы көмек: Павлодарда кәсіпкерлер госпитальға дәрі-дәрмек алып берді

  • 152
  • UPD: 09:03, 07.07.2020
Қысылтаяңдағы көмек: Павлодарда кәсіпкерлер госпитальға дәрі-дәрмек алып берді

Павлодарда  кәсіпкерлердің қаражатына сатып алынған медициналық препараттар Мойылды шипажайының жанынан ашылған емдеу мекемесіне берілдіі.

Сала мамандарының айтуынша, бұл госпитальге күн сайын 30 адамға дейін түседі. Қазіргі уақытта 300-ге жуық науқас емделіп жатыр. Провизорлық мекемеде медициналық қызметкерлер тәулік бойы еңбек етуде. Ал дәрі-дәрмек таусылуға шақ қалған. Гуманитарлық көмек Павлодар қалалық мәслихаты мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы депутаттарының мұрындық болуымен көрсетілді.

Әмірхан Тұрғұлдинов, провизорлық госпитальдің бас дәрігері:

- Орташа есеппен 100 адамнан түсіп жатыр. Сондықтан дәрі-дәрмек қажеттілігі туындады. Сұраныс та жоғары. Біз өз тарапымыздан салалық мекемелерге өтініштерімізді жолдадық. Дәрі уақытында түссе, мәселе туындамайды деп ойлаймын.

 

Хабар 24 телеарнасы