418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында мал бордақылау алаңы көбейіп келеді

  • 130
  • UPD: 09:03, 07.07.2020
Ақмола облысында мал бордақылау алаңы көбейіп келеді

Ақмола облысының фермерлеріне биыл мал шаруашылығын дамыту үшін ел қазынасынан 6 жарым млрд теңгеден аса субсидия бөлінген.

Оның 4 жарым млрд теңгеге жуығы өнімді өткізуге бағытталса, қалған 2 млрд теңгеден астамы асыл тұқымды мал басын көбейтуге арналған. Нәтижесінде аймақта мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді. Жалпы қазір өңірде осындай ірі 7 нысан бар. Оларда 30 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара байлауда тұр. Жақында 5 мың басқа арналған тағы бір мал бордақылау алаңы іске қосылмақ. Ал былтыр облыста 10 мың бас асыл тұқымды ірі қара сатып алынып, етті бағыттағы 150 ферма ашылған.

Мамандардың айтуынша, мұның барлығы ет өндірісі саласындағы белгіленген жоспарды орындау үшін жасалып отыр. Алдағы екі жылда ет өндіруді жылына 120 мың тоннаға жеткізу межесі тұр. Әзірге бұл көрсеткіш 90 мың тонна шамасында. 

Димаш Таласбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыру үшін ет бағытындағы фермаларды іске қосамыз. Мәселен, биыл сондай 135 ферма ашу жоспарда бар. Жалпы ет өңдеу зауыттарының жүктемесі жыл санап артып келеді. Былтыр олар 58 процентке жұмыс істесе, осы жылы бұл көрсеткіш 77 процентке жетті.

Хабар 24 телеарнасы