419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90%-і қабынған әжейді аман қалып қалды

  • 359
  • UPD: 12:38, 07.07.2020
Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90%-і қабынған әжейді аман қалып қалды inform.kz

Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90%-і қабынған әжейді аман қалып қалды.

Өкпесіндегі дерті асқынған Галина Хрущева 26 маусым күні қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілген. Дәрігерлер егде жастағы әйелге пневмония диагнозын қойған.

Науқасты тексере келе мамандар оның өкпесінің 90%-і зақымданғанын анықтайды. Бұған қоса, оның өкпесінен қан кеткен.

Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді 30 маусым күні жансақтау бөліміне ауыстырады. Онда науқасқа COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі.

Нәтижесінде науқастың денсаулығы жақсарып, 6 шілде күні ауруханадан шығарылды.

Дәрігерлер «82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы» дейді. Ал, әжей өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына алғысын білдірді.

«Барлық медицина мамандарына алғыс айтамын! Әрдайым сақтанып жүріңіздер», - дейді 82 жастағы Галина Хрущева.

Хабар 24 телеарнасы