429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға дәрі-дәрмек әкелу жеңілдеді

  • 320
  • UPD: 13:25, 07.07.2020
Қазақстанға дәрі-дәрмек әкелу жеңілдеді

Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек тасымалдау жеделдетілді. Тиісті нормативтік құжаттарға қол қойылды. Бүгін баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.

Оның айтуынша, шетелден келетін дәрі-дәрмек заттары жеҢілдетілген тәртіппен бөлшектік компанияларға түсе бастады. Көп ұзамай препараттар дәріханаларға жетеді деді сала басшысы. Бұдан бөлек министр аймақтарда дәрі-дәрмек бағасын қадағалаудың күшейтілгенін айтты. Яғни әр облыста әкімдік жанынан бағаны қадағалау топтары құрылды. Бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер де қатысып жатыр деді денсаулық сақтау министрі.

Хабар 24 телеарнасы