418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 12 адам алькогольден уланып көз жұмды

  • 144
  • UPD: 15:04, 07.07.2020
Ақмола облысында 12 адам алькогольден уланып көз жұмды

Ақмола облысында суррогаттық алкогольден көз жұмғандар саны артты.

Бұл туралы облыстың Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысында суррогаттық алкогольден уланғандар саны 18 адамға жетті.

12 адам көз жұмып, алтауы ауруханада жатыр.

Олар қазір Атбасар және Жақсы аудандық ауруханаларының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Тергеу барысында 29 маусым күні Атбасарда тұратын 1990 жылғы азамат 1988 жылғы Петропавл тұрғынынан 5 тонна этил спиртін сатып алған.

Атбасарға жеткен соң ол спиртті 5 литрлік бөтелкелерге құйып алған. Тәртіп сақшылары жасырын цехты анықтап, 3 күдіктіні қолға түсірді.

Хабар 24 телеарнасы