418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде медуниверситет жанынан құрылған шұғыл желіге бір тәулікте 700 адам хабарласқан

  • 127
  • UPD: 15:32, 07.07.2020
Ақтөбеде медуниверситет жанынан құрылған шұғыл желіге бір тәулікте 700 адам хабарласқан

Марат Оспанов атындағы медициналық университет жанынан құрылған мамандандырылған колл-орталыққа 700-ден астам ақтөбелік хабарласып, толғандырған сауалдардың жауабын алды.

Олардың дені отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайына алаңдап, өкпе қабынуына байланысты дәрі-дәрмек тағайындауды сұраған. Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша да қоңыраулар түскен. Жоғарғы оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы эпидемиолог, педиатр, хирургия, терапевт, кардиология салалары бойынша тәулік бойы кеңес береді. Дәрігерлермен қатар мемлекеттік қызметкерлер де тұрғындарға бас санитар дәрігердің соңғы жарлығындағы шектеу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылып отыр.  

Марат Айтуғанов, call-орталықтың меңгерушісі: 

 - Түнгі смен шығып кетті, қазір 12 адам отыр. Ол күндізгі сменге. Бір суткада 500 сұрақ түсті міне. Негізгі сұрақ түсіп жатқан, адам қысылып жатыр. Осы 2 күннің ішінде мен қарап отырмын. Көмек көп. Халық осы жағдайға түскен уақытта, не істерін білмеген уақытта, көмекті қайдан күтетінін білмеген уақытта осында хабарласады. Осында звондап, көмек көрсеткенін бәріміз көріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы