426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Медициналық академияның түлектері дәрігерлерге көмектеседі

  • 278
  • UPD: 15:23, 07.07.2020
Елордада Медициналық академияның түлектері дәрігерлерге көмектеседі

Елордада медициналық оқу орындарының түлектері коронавируспен күреске жұмылдырылуда.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ брифингінде айтты.

«Бізде 3 жарым мың дәрігер бар. Сонымен бірге 8 мыңға жуық медбике жұмыс атқарады. Қазіргі уақытта дәрігерлерге үлкен салмақ түсіп жатыр. Ал қала тұрғындарының саны 1 млн 200 мыңға жетті. Сондықтан дәрігерлерге көмек ретінде медициналық оқыту ұйымдарымен келісіп және денсаулық сақтау министрлігімен бірге жоспарды бекіттік. Сол жоспарға сәйкес медициналық колледждерден 270-тен астам студент оқуын бітіріп, дипломдарын алды. Олар арнайы оқытудан өткізіліп, қазір дәрігерлерге көмектесуді бастап кетті», - деді қала әкімі.

15 шілдеден бастап Медициналық академияның түлектерінің жұмылдырылатынын айтып өтті.

«Оған сәйкес жоспар да бар. Тиісті көмек көрсетіледі», - деді Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы