417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас қалада карантин ұзартылуы мүмкін бе

  • 318
  • UPD: 16:32, 07.07.2020
Бас қалада карантин ұзартылуы мүмкін бе

Карантиннің ұзартылуы немесе ұзартылмауы сіз бен бізге байланысты.

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ брифингінде айтты.

«Өткен жолы төтенше жағдай жариялап, карантин енгізіп, қатаң талаптарды сақтадық. Ол тиісті дәрежеде көмектесті. Бірақ 11 мамырда карантиндік нормаларды бірте-бірте жеңілдете бастаған кезде азаматтар талаптарды ұмытып кетті. Енді көріп отырғанымыздай, өкінішке орай, науқастардың саны бірден өсті. Сол қателікті қайталамауымыз қажет. Тәртіп сақтаған кезде бәрі дұрыс болды, дәрігерлерге мұншалықты салмақ түскен жоқ. Мемлекеттік бюджетке мұншалықты салмақ түскен жоқ. Мемлекет деген сіз бен біз. Төтенше жағдай кезінде көп адам жұмыссыз, тәртіпті сақтап отырды. Бізге ол да шығын болды. Мысалы, кәсіпкерлерден салық түскен жоқ. Ал карантиндік шараларды бірте-бірте босатқаннан кейін карантин болмағандай ұмытып кеттік. Сол қате болды. Енді қайтадан 2 апта карантин енгізуге мәжбүр болып отырмыз», - деді Алтай Көлгінов.

Дегенмен сұраныс болғандықтан даладағы мейрамханаларға, таза ауада 3 адамнан аспай серуендеуге, сондай-ақ ашық жерде орналасқан сауда орталықтарына, базарларға рұқсат етілгені туралы айтып өтті.

«Себебі ол жерлерде көптеген адам жұмыс істейді. Азаматтарды азық-түлікпен қамтамыз ету керек. Бірақ жабық сауда орталықтары уақытша жабылды. Сондықтан екі апта көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Қазіргі уақытта сағат сайын тәртіпті сақтамасақ, әрине, оны созуға тура келеді. Біз оны қаламаймыз. Карантинді созбау үшін бұрынғы қателіктерді ескеріп, оларды қайталамауымыз керек», - деді қала әкімі.

Айтуынша, карантин кезінде биылғы жоспарға сәйкес қалалық бюджетке 60 млрд-тан астам қаражат түспеген.

Хабар 24 телеарнасы