417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық дәріханалар арнайы телеграм бот ашуы тиіс – Алтай Көлгінов

  • 139
  • UPD: 19:02, 07.07.2020

Елордалық дәріханалар бірлесіп, арнайы телеграм бот ашуы тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жұмыс «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындары осы бот арқылы қай дәріханада қандай дәрі-дәрмектің бар-жоғын білетін болады. Сондай-ақ әкім дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесіне тоқталды. Қазір коронавирусты емдеп жатқан 3 жарым мың ақ халатты және 8 мың медбике бар. Сол себепті 15 шілдеден бастап медициналық жоғары оқу орындарын тәмамдаған 270 түлек оларға жәрдем беру үшін ауруханаларға жөнелтіледі. Ал емдеу мекемелеріндегі төсек орындарының санын арттыру үшін университеттердің жатақханаларын пайдалану көзделген. Мұнда тағы 1 мың адамды орналастыруға болады.

Бұған дейін әкім елордада коронавирустан 61 адам көз жұмғанын хабарлаған.

 Коронавирусты жеңгендердің арасында вирусты қайта жұқтырғандар бар ма

Елордада Медициналық академияның түлектері дәрігерлерге көмектеседі

Алтай Көлгінов: Елорда стационарларының 87% толық

Хабар 24 телеарнасы