418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда дәрі-дәрмек саудасымен заңсыз айналысқандар ұсталды

  • 191
  • UPD: 17:35, 07.07.2020
Атырауда дәрі-дәрмек саудасымен заңсыз айналысқандар ұсталды

Мұнайлы шаһардағы косметологиялық клиникалардың бірі коронавирусқа қарсы қолданылатын медициналық препараттарды тиісті рұқсат құжатынсыз әрі қымбаттатып сатқан.

Халықтың қалтасын қаққандардан барлығы 5000-нан астам парацетамол, цефтриакцон, лидокаин секілді дәрілік өнім тәркіленіп отыр. Қазір тергеу жұмыстары басталды.

Қаһарман Жәрдемов, облыстық экономикалық тергеу департаменті профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы:

– Қылмыстық кодексінің 214-бабы, 1-бөлігі /заңсыз кәсіпкерлік бойынша/ қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық Іс жүргізу Кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат тергеуге байланысты жариялауға жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы