418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау өңіріндегі дәріханаларға медициналық препараттар жеткізіледі

  • 147
  • UPD: 19:54, 07.07.2020
Маңғыстау өңіріндегі дәріханаларға медициналық препараттар жеткізіледі

Аймақта соңғы күндері қызу түсіретін және оған балама дәрілердің тапшылығы байқалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше оңтүстік аймақтан екі жүк көлігімен дәрілік заттар келді. Оларды қабылдап алған көтерме қойма қызметкерлері тізімді арнайы бағдарламаға тіркеп жатыр. Енді дәріханаларға тарату басталады. Жауапты мамандар бұл жұмыстың бір күн уақыт алатынын айтады. Сенбіге дейін дәрі тиеген тағы бір жүк көлігі Ақтауға келеді. Апта соңына дейін облыстағы дәріханалар бірінші кезектегі қажетті дәрі-дәрмекпен барынша қамтылуы тиіс.

Ринат Құбатаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Қойма мамандарында ауырып қалғандар бар. Басы-қасында жүріп шаршағандары да бар. Соған қарамай 1С бухгалтерияға енгізіп болған бойда бірден дәріханаларға таратылады. Қоймадан халыққа дәрілік зат жіберілмейді. Бізге шағымданды, жұмыс істеткізбей қойды, барлығы түртіп деп. Ол көтерме қойма. Халыққа жібермейді, ол тек дәріханаға жібереді. Сондықтан дәл сондай жағдай болмасын деп бір уақытта аудан және барлық жерге таратылады. Үлкен фурамен келді, бұл дәрілік заттар арнайы Алматыдан Маңғыстауға.

Хабар 24 телеарнасы