418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда коронавирус жұқтырғандарды жатқызатын ауруханалар саны артты

  • 130
  • UPD: 19:55, 07.07.2020
Талдықорғанда коронавирус жұқтырғандарды жатқызатын ауруханалар саны артты

Қазір қаладағы тері венерологиялық ауруханасы да сырқат жандарды қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталықта 80 адам емделеді. Сонымен қатар туберкулезге қарсы диспансер де дайындалып, ғимаратта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Онда 130 төсек қойылады. Облыс орталығында COVID-19 белгісі анықталғандарды емдейтін мекемелер саны бесеуге жетті. Бұған дейін науқастар қаладағы аурухананың инфекциялық бөліміне, облыстық және көпсалалық ауруханаға жатқызылатын. Өңірде 2600-ден аса адамның індетке шалдыққаны анықталған. Оның 1200-ден астамы жазылып шықты.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Тубдиспансерді алдық. Себебі мұнда фтизиатор дәрігерлер, арнаулы реанимациялық орталығы бар. Сол себепті осы мекемені алдық. Жалпы қазір 435 инфекциялық аурулардың орны дайындалды. Қажет жағдайда 11 мың орынға дейін провизорлық орындарды үлкейтетін боламыз. Мұнымен қоса, 50-60 ИВЛ апараттарын алдырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы