432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда сұранысқа ие дәрілерді қымбат бағада сатпақ болған әйел ұсталды

  • 384
  • UPD: 21:59, 07.07.2020
Алматыда сұранысқа ие дәрілерді қымбат бағада сатпақ болған әйел ұсталды Grani.lv

Алматы дәріханаларында дәрі-дәрмек тапшы. Сұраныс күн сайын артып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалыптасқан жағдайды бас пайдасына асырып, дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға кіріскен алаяқтар анықталды. Бүгін қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Түркісіб ауданында алып-сатарлықпен айналысқан әйелді ұстады. Ол жоғарғы сұранысқа ие «Анаферон», «Ингаферин» сынды дәрілердің 100-ден астам пакетін қымбат бағада сатпақ болған.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Ұсталған әйелден мәміледен түскен шамамен 1 миллион теңге алынды. Азаматшаның іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, жауапкершілік анықталады.

Хабар 24 телеарнасы