418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 146
  • UPD: 19:50, 07.07.2020
Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елімізде дәрі-дәрмекті заңсыз саудалағандарға қатысты 17 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтылды. Жиында Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди жедел шаралардың нәтижесінде препараттарды заңсыз сатқан дәріхана қызметкерлері мен жекелеген азаматтардың анықталғанын жеткізді. Оларға заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылды. Дәрі-дәрмекті заңсыз сату деректері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және бірнеше облыста тіркелген.

Алексей Калайчиди, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

– 6 шілденің өзінде полицияға 46 адам жеткізілді. Олардан 20 мыңнан астам қаптама дәрі-дәрмек табылды. Ал осы эфирге екі сағат қалғанда Алматы қаласында 1987 жылы дүниеге келген азаматша ұсталды. Одан 717 мың теңгеден астам ақша мен 300-ге жуық қаптама табылды. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы