417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: елорда ауруханаларында 4 мыңға жуық науқас емделіп жатыр

  • 170
  • UPD: 21:24, 07.07.2020

Елорда дәріханаларында қандай дәрі-дәрмектің бар-жоғын енді үйден шықпай-ақ біліп отыруға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін арнайы телеграм бот әзірленеді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Шаһар басшысы эпидемиологиялық жағдай бойынша есеп беріп, коронавируспен күрес жайын да баяндады.

Қазір елорда ауруханаларында коронавирус індетіне шалдыққан 4 мыңға жуық науқас емделіп жатыр. Бір мыңнан астам адамға өкпе қабынуы деген диагноз қойылды. Төсек-орындарының басым бөлігі бос емес. Орын тапшылығы әлі де сезіледі. Сондықтан қала әкімдігі қонақ үйлердің бірін жабдықтап, сол жерде науқастарды қабылдай бастады. Ал қажет болған жағдайда жергілікті оқу орындарының жатақханаларын да пайдаға жарату көзделген.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

– «Рамада плаза» қонақ үйінде 500 орын ашылды. Ол жерде толыққанды стационар жұмыс атқаруда. Оның 60-тан астам проценті қазір науқастармен толтырылды. Егер эпидемиологиялық жағдай өзгеретін болса, қосымша мыңнан астам орынды ашуға әзірлендік.

Науқастардың халін жеңілдету үшін өкпені желдететін 200 аппарат сатып алынды. Шілде айында 50 техника ауруханаларға жеткізіледі. Ал дәрігерлерге жәрдем беру үшін жақында ғана оқуын бітірген түлектер де коронавируспен күресуге жұмылдырылды.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

– Бізде 3 жарым мың дәрігер бар. Сонымен бірге 8 мыңға жуық медбике жұмыс атқарады. Әрине ол дәрігерлерге салмақ түсуде. Мысалы, қазір қазір қала тұрғындарының саны 1 млн 2 мыңға жетті. Ал дәрігерлерге бұл үлкен салмақ. Сондықтан дәрігерлерге көмек ретінде медициналық оқыту орындарымен келісіп, және ҚР ДСМ министрлігімен жоспарды бекіттік. Сол жоспарға сәйкес медколледждерден біздің 270 астам студент оқуын тәмамдады. Оқудан өтіп, дәрігерлерге көмек көрсетуді бастап кетті.

Маусым айының соңында жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 4 мыңнан астам науқас хабарласатын. Қазір 103 желісі дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Жәрдем шақырту қиындаған. Десе де, қоңырау шалу көрсеткіші 2 мыңға дейін төмендеді дейді әкім. Жалпы қазір елордада не бары 150 бригада жұмыс істеп жатыр. Бұл аздық етеді. Айта кетері, ақылы жедел жәрдем қызметі ақыры іске қосылмайтын болды.

Авторы: Дариға Ташенова

Хабар 24 телеарнасы