Дене қызуын басатын және жұқпалы вирусқа қарсы препараттар Ресейдің Орынбор облысынан әкелінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өңірлер арасында осындай өзара келісім жасалды. Соның негізінде алынған фармацевтикалық өнім алдымен 6 емдеу мекемесінің провизорлық және инфекциялық станционарларына беріледі. Содан кейін дәріханаларға үлестіру жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 500 млн теңге бөлінген.
Нұржауған Қалауов, облыс әкімінің орынбасары:
- Осы қаржының арқасында 16 позициядан астам ең көп керек деген дәрі-дәрмектер әкелінетін болады.